Саясат

Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталды

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуразия экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары бірлескен бағдарламаларды талқылау үшін Астанаға келді

АСТАНА, 14 тамыз— Sputnik. Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі. 

Отырыс "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қарама-қарсы орналасқан Hilton қонақ үйінде өтіп жатыр. Күннің бірінші жартысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшыларымен кездесті. 

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев (Қазақстан), Карен Карапетян (Армения), Андрей Кобяков (Белоруссия), Сооронбай Жээнбеков (Қырғызстан), Дмитрий Медведев (Ресей) қатысып жатыр. Сондай-ақ отырысқа қатысушылардың ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян да бар.  

Отырыс барысында ЕАЭО сандық күн тәртібін жүзеге асырудың негізгі бағыттарын дайындау, тауарларды бақылау тетіктері, электр энергетикасында сауда алаңдарын пайдалануға қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөлінбек. 

Бұдан бөлек, қазақстандық тараптың бастамасымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспорттаушыларының Ресейдің теңіз порттарының инфрақұрылым қызметтерін пайдалануы мәселесі талқыланады. 

Ал отырыстан кейін премьер-министрлер "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі «Нұр-Әлем» қазақстандық павильонын аралап, экономикалық одаққа мүше елдердің ұлттық павильондарын тамашалайтын болады. 

 

 

 

Жаңалықтар
0