Экономика

Биыл бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны 145 мыңнан астам адам алған

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. 2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға,  18 880 т. – үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады", — деп жазылған хабарламада. 

Министрліктің хабарлауынша, жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін  жәрдемақыға 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінген. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден  (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға,  17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.

теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Биылдан бастап жәрдемақы 27 пайызға көбейеді

Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады.

Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.

Жаңалықтар
0