Қоғам

Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды

© Photo : Официальный сайт президента РКПрезидент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды
Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Қазақстан Президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қанша өседі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша өседі

2017-2018 жылдары зейнетақы 3 кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға өседі. 

Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды. 

Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген.

Зейнетақы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты.

Бұдан бөлек, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру көзделген.  

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген.

Жалпы, зейнетақы мен аталған жәрдемақыны өсіруге республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған.  

Жаңалықтар
0