Қоғам

Биылдан бастап жәрдемақы 27 пайызға көбейеді

© Sputnik / Владислав Водневтеңге
теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек бір миллионға жуық адамға беріледі

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа сипатқа ие болды. Бұрын беріліп келген бірнеше жәрдемақы бір жүйеге біріктірілді. Жоба шартты және шартсыз ақшалай көмекке бөлінген, деп хабарлады 24.kz.  

адамдар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек
Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ отбасыларға тағайындалады. Ал шартты қаржылай жәрдем отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға беріледі.

 Жәрдемақы мөлшері орта есеппен 27 пайызға көбейеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

– Мысал үшін I топтағы мүгедектер 2017 жылы 43 мың 538 теңге алатын болса, жаңа жылдан бастап 54 мың 306 теңге алады. Екінші топтағы мүгедектер 33 мың 999 теңге алатын болса, енді 43 мың 275 теңге алады. Сәйкесінше III топтағы мүгедектер 23 мың 97 теңге алатын болса, 29 мың 416 теңге алады, – деп түсіндірді ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің бас сарапшысы Ғазиза Иманғали. 

Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрлерін біріктіре отырып, оңтайландыруды және мөлшерін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл атаулы әлеуметтік көмек – кәмелетке жасы толмаған балалары бар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы. Ал соңғысы бойынша 2018 жылға дейін жәрдемақы алып келгендер үшін өзгеріс болмайды. 

Жәрдемақы мөлшерін көбейту кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру арқылы мүмкін болды. Енді бұл көрсеткіш 28 мың 284 теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстарғанда 16 пайызға артты. 

Еліміз бойынша жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек бір миллионға жуық адамға беріледі.   


Жаңалықтар
0