Экономика

ҚТЖ: Биыл бидай мен ұн тасымалдау көлемі 800 мың тоннаға артты

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуАстық, архивтегі фото
Астық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылы қазақстандық астық пен ұн өнімдерін тұтынушылардың географиялық нарық аумағы сақталды

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Биыл "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бидай мен ұн тасымалдауды өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға арттырды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.  

29 желтоқсанда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да баспасөз конференциясы өткізіліп, онда жаңа астықты тасымалдау барысы айтылды.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ басшысы О. Құлақовтың хабарлауынша, биылғы жылы 8,9 миллион тонна астық тасымалданған. Оның 3,1 миллион тоннасы республикаішілік бағдарға тасымалданса, 5,8 миллион тоннасы экспортқа шығарылған. Жыл ішінде 3,2 миллион тонна ұн тасымалданса, оның 0,8 миллион тоннасы ел ішіне, 2,4 миллион тоннасы экспортқа жіберілді.

поле комбайн урожай зерно пшеница - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Биыл 19 миллион тоннадан астам астық жинауымыз мүмкін
Биыл тиелген астық пен ұн өнімдері 13,5 миллион тоннаны құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6,3% жоғары көрсеткіш. Астықпен есептегенде 805 мың тонна артық. Экспортқа да 547 мың тонна астық артық шығарылды.

О. Құлақовтың айтуынша, биылғы жылы қазақстандық астық пен ұн өнімдерін тұтынушылардың географиялық нарық аумағы сақталды.

Өзбекстан (2 млн. тонна), Тәжікстан (1 млн. тонна), Ауғанстан (2,1 млн. тонна) және Иран (2 млн. тонн) бағдарларына жіберілді.

Бұл өңірлерге астық 364 мың тоннаға өсті. Тасымалдау қарқыны Өзбекстанға 7%, Иранға – 26%, Ауғанстанға- 6% артты. Әсіресе, қараша, желтоқсан айларында тасымалдау қарқыны жоғарылады.

Иран бағдарына арпа өнімдерін жеткізу көлемі 63% (324 мың. тонна), артып, бидай тасымалдау 185 мың тонна Орталық Азия нарығына бағытталды.

"Биылғы жылы Ресей мен Украинада да рекордтық астық жиналды. Бұл Қазақстанның көлік және астық нарығына да ықпал етті. Нәтижесінде бұрын Қазақстан нарығында қызмет еткен шетелдік жеке операторлардың астық вагондары Ресейге кетіп қалды",-дейді О. Құлақов.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ басшысының айтуынша, Ресеймен шекаралас өңірлерде сатып алу бағасының арасындағы айырмашылыққа байланысты астық Қазақстанға, одан әрі Орталық Азия елдеріне бағытталды. Эспорттық астық тасымалдауға сұраныс артқанымен оны Орталық Азия елдерінің инфрақұрылымдық мүмкіндігінің шектеулігі төмендетіп отыр.

О. Құлақовтың айтуынша, Орталық Азияның инфрақұрылымдық өткізу мүмкіндігі айына 600 мың тонна астық пен 200 мың тонна ұн өнімдерін құрайды.

Бұл әсіресе, қолмен түсіріліп, тиелетін Хайратон (Ауғанстан) станциясына тәулігіне 3,5 мың тонна ұн түсіре алса, жүк жөнелтушілер тәулігіне 7 мың тоннаға дейін жібере алады.

Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қытай арқылы Вьетнамға астық жөнелтті
Жүк тиеу мен түсірудің бастапқы және соңғы операциялары кезінде вагондардың ұзақ мерзімдік тұрып қалуы салдарынан вагондардың 40 пайызы айналымнан шығып қалады. Сөйтіп, "доңғалақты қоймаға" айналады. Осының салдарынан вагондарға берілген тапсырысты толық орындау мүмкін болмай отыр.

Оның сыртында Өзбекстанда бидай қорын жасақтап алып, оны өңдеп Ауғанстанға өткізу Орталық Азия көлік инфрақұрылымына қысым келтіруде.

ҚТЖ-ның экспорттық тасымалдауын қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды:

1. Тәулігіне 800 шақырым жылдамдықпен жүретін шаттл–пойыздар ұйымдастырылды,

2. Өзбекстан теміржолымен қосымша Келес-Шүкір телімінде қосымша жол салу мәселесі шешілді.Сол арқылы тәулігіне 100 мың тонна (26-30 жұп пойыз) жүк өткізіліп, айына 3 миллион тоннаға жеткізілетін болды.

3. Ақтау портында Солтүстік терминалы толық қуатында жұмыс істеп, айына 120 мың тонна тасымалдай алатын болды.

4. "KTZ Eхpress Shipping" АҚ флотындағы төрт кеме қазақстандық астықты тасымалдауды қамтамасыз етеді.


Жаңалықтар
0