АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Биылғы жылы егін жинау жұмыстары нәтижесінде 19,5 миллион тоннадан астам көлемде өнім алу жоспарланған, оның 15 миллион тоннасы басты егін өсіруші үш өңірден алынбақ, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов.
"Астықтың сапасын арттыру үшін биыл тұқым шаруашылығына қолдау көрсету және минералды тыңайтқыштарды пайдалану бойынша тиісті шаралар қолданылды. Қазір соның нәтижесін көріп отырмыз. Сонымен үшінші кластық астық үлесі 76%-ды құрайды, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 44%-ды құраған. Балауыз мөлшері 25 және одан асатын – 47%, былтыр бұл мән небәрі 9% болған. Жалпы айтқанда, астықтың жиынтық көлемі 19,5 миллион тоннадан асады деп болжанады. Ал негізгі үш егін егуші өңірден 15 миллион тонна астық жиналмақ. Көрсетілген көлем еліміздің экспорт әлеуетін 8 миллионға дейін көтеруге мүмкіндік береді", — деп ақпарат берді Айтуғанов үкімет отырысында.
Қазіргі уақытта бүкіл өңірлерде егін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша 11,6 миллион гектар жерде астық жиналған. Астық жинау былтырғы деңгейден 2,4 миллион гектарға асып тұр, яғни 16%.