Қоғам

Гришин: Плеханов атындағы РЭУ түлектері ТМД елдерінде жұмысқа тез орналасады

© Sputnik / Медиабанкке өтустуденттер, архив суреті
студенттер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Статистикаға сүйенсек, Ресейде үш жүз мыңдай шетелдік студент оқып жүр, олардың үштен екісі – ТМД елдерінен, көбінесе, Қазақстаннан.

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Таяудағы шетелдік елдерден барған талапкерлер арасында негізінен экномоикалық мамандықтар басымдыққа иеГ.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде шетелдіктер арасында қандай экономикалық білім бағыттарына сұраныс көп? Шетелден осы университетке қалай түсуге болады? Бұл туралы "Россия сегодня" ХАА "Әлеуметтік навигатор" жобасының тілшісіне Г.В. Плеханов атындағы РЭУ ректоры, экономикалық ғылымдар докторы, профессор Виктор Гришин айтып берді.

- Виктор Иванович, РЭУ-де қанша шетелдік экономикалық білім алып жатыр? Олардың арасында қандай бағыттар басымдыққа ие?

— Университетте 53 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде Мәскеуде жиырма үш мыңнан астам адам. Олардың бір жарым мыңы – шетелдіктер, бакалавриат, специалитет және магистратурада оқиды. 

Студент - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қаржылық қиындықтарға байланысты мыңдаған студент оқуын жалғастыра алмаған

ТМД азаматтары арасында ең сұранысқа ие, бакалавират деңгейіндегі "әмбебап" бағыттар – "Экономика" және "Менеджмент", яғни бұл мамандықтар ұлттық немесе аймақтық заңнамаға тығыз байланысты емес. Атап өтсек, "Бухгалтерлік есеп, анализ және аудит", "Қаржы мен несие", "Әлемдік экономика", "Ұжымдық қаржы", "Кәсіпорындар мен ұйымдар экономикасы", "Ұйым менеджменті", "Ресторан бизнесінің менеджменті", "Маркетинг", "Жобаларды басқару".

Сонымен бірге, "Заңгерлік", "Кеден ісі", "Сауда ісі", "Қолданбалы информатика" бағыттары бойынша бағдараламалар кең танымал.

Магистратурада шетелдік студенттер көбінесе менеджмент, халықаралық бизнес, халықаралық маркетинг бағыттарын таңдайды.  

- Қалай ойлайсыз, РЭУ бағдарламалары шетелдік талапкерлердің арасында неге үлкен сұранысқа ие болып отыр?

— Бірінші кезекте, әлбетте, білім сапасы жоғары, оған ұлттық және халықаралық рейтингтердің нәтижесі дәлел (QS, 4ICU, Webometrics).

- 2015 жылы РЭУ QS Stars University Ratings рейтингінле "4 жұлдыз" категориясын иеленген Ресейдегі алғашқы университет болды. ЖОО қандай критерийлер бойынша бағаланды? 

ЕҰУ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік жоғарғы оқу орны атанды

— Бұл рейтинг "білім сапасы" категриясында студенттердің оқу барысы мен алған нәтижелеріне қаншалықты қанағаттанғанын, білім алуды әрі қарай жалғастырған түлектер үлесін, оқытушылар мен студенттер санының өзара қатынасын ескереді. Бір оқытушыға студенттер саны неғұрлым аз келсе (РЭУ-де, орташа есеппен 12 студент), оқытушы да әр студентке соғұрлым көп уақыт бөле алады. 

- Шетелдік студенттер жұмысқа тұрар кезде қандай басымдықтарға ие болады?

— РЭУ – үлкен университет. Соның арқасында үздік шетелдік оқытушыларды, ресейлік және халықаралық ұйым өкілдерін, елшілік қызметкерлерін дәріс оқуға шақыра аламыз.

РЭУ студенттері үшін жылына бірнеше рет Мансап күндері өткізіледі, онда студенттер өздері қызыққан компанияларда тәжірибе өтуге келіседі немесе жұмысқа да тұра алады. ТМД елдерінің елшілік өкілдіктері мен шетелдік компания филиалдары мақсатты түрде РЭУ түлектерін жұмысқа алуды көздейді.

Біздің оқу орында ТМД елдерінің үкімет мүшелері, танымал саясаткерлер мен экономисттер, ірі компания басшылары оқыған. Мәселен, соңғы үш жылда РЭУ-ді бітірген жиырма Қазақстан азаматының ішінде он жетісі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқарып жүр.

Университет бітіргеннен кейін бір жыл өткен соң РЭУ-дің жұмысқа тұрған түлектер үлесі 80 пайыздан асады, әсіресе бұрынғы КСРО елдерінен келген студенттер үлесі көбірек, өйткені Ресей экономикалық университетінде алған білімдері Белоруссия, Молдавия, Қазақстан, Өзбектсан, Әзербайжан, Армения, Украинада жоғары бағаланады. 

- 2018 жылы шетелік азаматтарды экономикалық мамандықтарға қабылдау қалай жүзеге асырылмақ?

Алматы әкімі Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Байбек студенттер жатақханасы мәселесін осы жазда шешуді тапсырды

— Оқуға түсу барысына айтарлықтай өзгертулер енгізілмейді. Шетелдік абитуриенттерді бюджеттік негізде қабылдауға 450 орын бөлінген. 150 талапкер оқуға түсуге өтініш берді, көпшілігі экономика және менеджмент мамандықтарын таңдапты. Бюджеттік емес негізде қабылдауға 165 орын қарастырылған, оның 120-сы экономикалық мамандықтар.

Университетте шетелдік азаматтар үшін жеке сынақ тізімі бар. Экономикалық бағытта бакалавриат бағдарламасымен оқығысы келетіндер екі емтихан тапсырады. 

- РЭУ-ге түскісі келетін шетелдік талапкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?

— Барлық талапкерлерге беретін басты кеңесім: емтиханға жақсылап дайындалу. 

Вундеркинд Абзал Мырзаш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
12 жастағы алматылық вундеркинд университеттегі алғашқы сессиясын "беске" тапсырды

2018 жылы экономикалық мамандыққа түсу үшін шетелдік талапкерлер екі емтихан тапсырады – математика және шет тілі немесе осы пәндер бойынша Бірыңғай мемлекеттік емтихан нәтижелерін ұсына алады.

Шет тілінен емтихан тапсырған кезде талапкер таңдау жасай алады: ағылшын, неміс, француз немесе испан тілдері.

Сынақтар бағдарламасы университет сайтында бар, сондықтан қалаған адам емтихан тапсырмаларымен танысып, қандай әдебиеттермен дайындалу керектігін біле алады.

Жаңалықтар
0