АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жоғары оқу орындардың бірінде оқитын жастағы студент Абзал Мырзаш алғашқы сессиясын "өте жақсы" тапсырып, ұстаздарын таңғалдырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне баланың әкесі Дәуренбек Нысанов айтты.
"Абзал барлық пәннен ең жоғары балл алды. Қазан айында алғашқы аттестация болды, кейін екінші аттестация, ал қазір сессия. Барлық кезеңде ол ең жоғары балл жинады", — деді Дәуренбек Мырзашұлы.
Оның айтуынша, ұлы алғашқы емтихан кезінде еш қобалжымаған, тіпті сынаққа арнайы дайындалмапты да.
Дәуренбек Нысанов демалыста Абзалдың қол қусырып отырмайтынын жеткізді.
"Демалыс кезінде бізге, ата-анасына, бауырларына ағылшын тілін үйретпекші. Қазір Абзал Advanced – яғни, тілді еркін меңгеру, жоғары деңгейге көшіп жатыр. 20 желтоқсаннан бастап оның оқушылары боламыз", — деп күлді әкесі.
Абзал Мырзаш мектеп бағдарламасын небәрі жеті жыл ішінде меңгеріп, Қазақ-Британ техникалық университетіне түсті. Енді ол жоғары оқу орнын үш жылда аяқтап, шетелдік университетке магистратураға тапсыруды жоспарлап отыр.