Қоғам

Қаржылық қиындықтарға байланысты мыңдаған студент оқуын жалғастыра алмаған

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСтудент
Студент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен оқу жылында Қазақстанның ЖОО-дағы студенттер саны 4%-ға артты

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2016/2017 жылдардағы оқу жылында 17 мың студент қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын жалғастыра алмады, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Байбек студенттер жатақханасы мәселесін осы жазда шешуді тапсырды

Порталдың мәліметіне сүйенсек, 2006 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттер саны жыл сайын орта есеппен 5%-ға кеміп келе жатқан еді. Сол себепті шәкіртақы алушылардың саны жалпы көлемде ұлғайған. 2011/2012 оқу жылында олардың үлесі 23 %, ал 2015/2016 жылы 31 % болды. 

Бірақ былтырғы оқу жылымен салыстырғанда ЖОО студенттерінің саны биыл 4 %-ға көбейіп, 477 мың адамға жетті, ал шәкіртақы алушы студенттер саны 3 мың адамға қысқарды. Нәтижесінде шәкіртақы алушылардың жалпы үлесі 29,4 %-ға дейін төмендеді. 

Жеке меншік оқу орындарындағы шәкіртақы алушылардың үлесі 17 %, ал мемлекеттік оқу орындарында — 44 %. 

Биыл мемлекет студенттерге шәкіртақы төлеу үшін 13 %-ға көп қаражат жұмсайды, яғни 56 миллиард теңге.

Жаңалықтар
0