Саясат

Парламент БАҚ туралы заңды қабылдады

© Sputnik / Ксения ВоронинаТілшілер
Тілшілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді

АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Сенаттың жалпы отырысында бүгін депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева ресейлік телеарналарға қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады

Отырыста баяндама жасаған ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев заң жобасы бір жыл бойы қоғамда ашық талқыланғанын атап өтті. Құжатта 16 заңға және 6 кодекске 280-нен астам өзгеріс пен толықтыру енгізу қарастырылып отыр.

Министрдің сөзіне қарағанда, әкімшілік жүктемелер мен шектеу шараларын азайту мақсатында бірқатар жеңілдіктер жасалмақ. Атап айтқанда, аздаған құқық бұзушылықтар үшін газеттің тиражын тәркілеу немесе БАҚ-тың қызметін тоқтату сияқты жазаларды алып тастау көзделген.

Бұдан бөлек, ақпарат құралдарын шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратуға қатысты жауапкершіліктен босататын себептер қатары да ұлғаяды. Бұл өзгеріс мемлекеттік органдардағы БАҚ-пен байланыс жөніндегі өкілетті тұлғаға ерекше жауапкершілік жүктейді.

"Тағы бір мәселе, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың суретін қандай жағдайда рұқсат сұрамай жариялауға болатыны айқындалды. Мысалы, ол көпшілік жаппай қатысатын мәдени, спорттық және басқа да шараларға, жұрт алдында сөз сөйлеуге қатысты", — деді министр. 

Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен баланың жеке басын анықтайтын кез келген ақпаратты,оның суретін ақпарат құралдарында жариялауға шектеу қою ұсынылып отыр.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Лауазым иелерінің қызметін сынауға кез келген азаматтың құқығы бар - депутат

"Сонымен қатар, күмәнді ақпаратты жариялағанда туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін өзгерту жоспарлануда. Бұл мәселеде тараптарды тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету маңызды. Бұған қоса, заң жобасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесі де ескерілді. Мемлекеттік тілдегі жарнамалардың тең бөлінуі, сондай-ақ "балаларға арналған, діни және ағарту телебағдарламалары" сияқты ұғымдарды нақтылау бойынша шешімдер ұсынылды", — деді ол. 

Әрбір мемлекеттік органда БАҚ-пен жұмыс істейтін уәкілетті тұлға немесе құрылымды айқындау ұсынылып отыр. Бұл баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтерінің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді, деген сенімде заң жобасын әзірлеуші министрлік.

Жаңалықтар
0