Қоғам

Дариға Назарбаева ресейлік телеарналарға қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады

© Sputnik / Болат ШайхиновДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл он бірінші желтоқсаннан елімізде төрт ресейлік телеарнаның көрсетілімі тоқтайды деген ақпарат тараған болатын

АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik.  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елімізде ресейлік телеарналардың көрсетіліміне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

Бүгін сенаттың жалпы отырысында ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Дариға Назарбаева министр Дәурен Абаевтан елімізде ресейлік телеарналардың көрсетіліміне қатысты туындаған жағдайды түсіндіруді сұрады. 

"Таяуда ресейлік арналардың көрсетілімін тоқтатуға қатысты жанжал болды. Жағдайды түсіндіріп берсеңіз", — деді Назарбаева. 

"Біз ресейлік әріптестерімізбен қаңтар-ақпанда тиісті консультациялар өткіземіз деп келістік. Ол уақытқа дейін телеарналардың көрсетілімі тоқтамайды. Бұл жерде бар гәп экономикалық мәселеге келіп тіреледі. Ресейдің кейбір телеарналары Қазақстан аумағында өз телеөнімдерін көрсету үшін тариф көтеріп жатыр. Кейбір телеөнімдерге елімізде сұраныс жоқ. Мәселен, "Ресей-Мәдениет" телеарнасы тарифтерін өсіруде. Біздің кабельдік операторлардың бұл телеарнадан бас тартуға құқығы бар. Олар тарифін көтеріп жатыр, ал біздің операторлар телеарнаның рейтингісіне қарап, оны көрсетпеу туралы шешім қабылдай алады", — деп түсіндірді Абаев. 

Министр бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылатынын айтты. 

"Екі елдің қарым-қатынасын ескере отырып, консультациялар өткізіп, содан кейін бір қорытындыға келу туралы шештік. Қазақстан аумағында ресейлік телеарналарды жауып жатырмыз деген мәселе жоқ", — деді Абаев.

Естеріңізге сала кетсек, iD TV операторының абоненттерін 2017 жылғы 11 желтоқсаннан бастап "НТВ-Мир", "РТР-Планета", "Россия-24", "Россия-Культура" телеарналарының көрсетілімі тоқтайтыны туралы хабарландырған болатын. Кейін ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл арналардың трансляциясы 2018 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0