АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыда бас көтерген кеншілерге неге бармағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мәселенің қалай реттелгеніне қатысты тоқталсам. Біз екі команда болып жұмыс істедік. Бір команда Астана деңгейінде жоғары басшылықпен тікелей келіссөздер жүргізсе, екінші топ – еңбек инспекциясы алғашқы күндерден бастап шахтада, шахтерлармен және Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге болды. Бірлескен жұмыстың арқасында аталған мәселе шешімін тапты. Ал менің онда болған-болмағаныма қатысты айтсам – министрлік пен үкімет бұл мәселені бақылауда ұстады", — деді Дүйсенова.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ереуілге шыққан кеншілердің саны 600-ден асқанын хабарлаған болатын.