Қоғам

"АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерге қандай шарт ұсынатыны белгілі болды

Жазылу
Шахтерлер 15 желтоқсанда демалып, ертеңнен бастап жұмысқа шығады

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілі шахтерлерге әрі қарай жұмыс істеудің шарттарын мәлімдеді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шахтерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ереуілдеткен шахтерлер жер бетіне шықты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахталарындағы ереуіл аяқталды. Бірінші болып "Қазақстан" шахтасының жұмысшылары облыс әкімі Ерлан Қошанов және АМТ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездескен соң жер бетіне шыға бастады. Кейін "Шахтинск", "Тентек" және Ленин атындағы шахта кеншілері жер астынан көтерілді. 15 желтоқсанда түнгі сағат бірге қарай барлық шахтер – 420-дай адам шахтадан шықты.

Жұмыс беруші шахтерлерге келесі шарттарды ұсынып отыр: бүкіл жер асты жұмысшысының жалақысы отыз пайызға көтеріледі. Әрі қарай келіссөз жүргізу барысында комиссия жер үстінде жұмыс істейтін кеншілердің жалақысын өсіру мәселесін шешеді. Көмір департаментінің барлық жұмысшысына бір жалақы көлемінде бір реттік сыйақы төленеді.

Бұдан бөлек, жұмыс беруші 15 желтоқсанды демалыс күні деп жариялап, 16 желтоқсаннан бастап жұмысқа кіруді ұсынды.

"Кеншілер арасында Шахтинск қаласының прокуроры қол қойған хат кеншілер арасында таратылды. Онда шахтерлер ереуілге шыққаны үшін қылмыстық қудалауға ұшырамайтыны айтылған. Бұдан бөлек, прокуратура органы қажет болған жағдайда құқықтық қолдау көрсетуге дайын", — деп хабарлады әкімдік.

Жұмыс беруші мен кеншілер арасында келіссөз әрі қарай жалғасады.

Жаңалықтар
0