Қоғам

Меруерт Өтекешова мен Қанат Ислам Елбасының қолынан марапат алды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚанат Ислам
Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Тәуелсіздік мерекесіне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik.  Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова мен белгілі боксшы Қанат Ислам Елбасының қолынан марапат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін Елбасы Тәуелсіздік күні қарсаңында елге еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік наградалар мен мемлекеттік сыйақылар табыстады. 

"Тәуелсiздiкке тәу ететiн кез келген халық үшiн бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек. Ұлық мереке қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша  ерен еңбегiмен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игi шара екенiн бәрiмiз бiлемiз", — деп атап өтті Назарбаев.

Елбасының қолынан марапат алғандардың ішінде М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі Меруерт Өтекешова мен белгілі боксшы Қанат Ислам да бар. "Қыз Жібек" фильмі арқылы көпшілікке танымал актриса Меруерт Өтекешова "Парасат" орденін, ал бокс әлемінде қазақ елінің атын танытып жүрген Қанат Ислам "Құрмет" орденін алды.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент бірқатар министр мен әкімге мемлекеттік награда табыс етті

Айта кетсек, "Құрмет" орденін киноактриса Әсел Сәдуақасова да алды. 

Ал "Астана Балет" театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриева "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер" атағына ие болды. 

Жалпы, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел игіліне еңбек етіп жатқан азаматтардың үлкен бір тобы "Отан",  III дәрежелі "Барыс", "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек даңқы", II дәрежелі "Даңқ" ордені, II, III дәрежелі "Айбын" ордендері, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталып, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.

Жаңалықтар
0