АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Барша қазақстандықты егемендi елiмiздiң ең ұлық басты мерекесi — Тәуелсiздiк күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы болған қастерлi мейрам. Абыройы асқақ, беделi биiк, мерейлi мемлекетiмiз өзiнiң екiншi ширек ғасырлық белесiне қадам басты. Осы жылдар iшiнде бiз аз уақытта сыннан сүрiнбей өтiп, береке-бiрлiктiң арқасында түрлi қиындықтарды еңсере бiлдiк. Қазiр Қазақстан төрткүл дүниеге танылған халықаралық қоғамдастықтың белдi мүшесi болып танылған", — деді мемлекет басшысы елдің дамуына еңбек сіңірген азаматтарға мемлекеттік наградалар мен мемлекеттік сыйақылар табыстау рәсімінде.
Елбасы алдымызда тұрған мәртебелi мақсат-мiндеттерге де бiрлесе қол жеткiзуге сенім білдірді.
"Тәуелсiздiкке тәу ететiн кез келген халық үшiн бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек. Ұлық мереке қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша ерен еңбегiмен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игi шара екенiн бәрiмiз бiлемiз", — дедi Назарбаев.
Айта кетсек, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел игіліне еңбек етіп жатқан азаматтардың үлкен бір тобы "Отан", III дәрежелі "Барыс", "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек даңқы", II дәрежелі "Даңқ" ордені, II, III дәрежелі "Айбын" ордендері, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталып, "Қазақстанның Еңбек Ері" және "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер" атақтарын алды.