Қоғам

Тұңғыш Президент күнінде Астанада қайда баруға болады?

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін күллі ел Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Тұңғыш Президент күніне орай Астанада бірқатар мәдени шаралар мен концерттер өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің сайты. 

Әкімдік алдындағы қалалық алаңда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына белгілі қазақстандық әртістердің қатысуымен тегін концерт ұсынылады. Мерекелік концертке Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Дос, ағайынды Жүгінісовтер, "Рензо" тобы, "Аламан" триосы, Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының артистері және т.б. қатысады. 

сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 1 желтоқсанда дүниеге келген нәрестенің есімін Нұрсұлтан деп қойды

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шаралар Астана қаласының барлық мәдени мекемелерінде ұйымдастырылады.

1 желтоқсанда сағат 19:00-де "Астана" концерт залында "Елімнің жүрегі – Астана" атты патриоттық әндердің эстрадалық концерті өтеді. Сахна төрінде Майра Ільясова, Бағдат Сәмединова, Алтынай Жорабаева, Естай Мұқашев, Жеңіс Ысқақова, "Шалқыма" халық биі ансамблі және басқалары өнер көрсетеді.

Астананың театрлары мерекенің құрметіне өз көрермендеріне арнап спектакльдердің премьералық көрсетілімдерін дайындады. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында сағат 18:30-да "Шәмші" атты музыкалық спектакльдің тұсаукесері өтеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сегіз қырлы, бір сырлы: біз білмейтін Елбасы қандай?

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 1 желтоқсан күні сағат 19:00-де "Алпамыс" атты қазақ эпосының желісі бойынша қойылған Б.Пармановтың "Аманат" спектаклі көрерменге жол тартпақ. 

Мереке аясында алғаш рет 3D Mapping Show ұйымдастырылады. Бұл – Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) ғимаратында 360 градуста көрсету форматында ұсынылатын елес-қиялыңды жаулап алатын жарықтық және лазерлік инсталляциялар. Осылайша, ғимараттың қасбетіндегі бейнеконтентті көпшілік барлық қырынан көре алады. Шоуды 1-3 желтоқсан аралығында тамашалауға болады. Басталуы – сағат 20:00. 


Жаңалықтар
0