Қоғам

Бас прокурор: Елбасы қылмыспен күресті өз қолына алып, өзі басқарды

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанЖақып Асанов
Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс бүгін құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов мәжілісте құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері туралы заң жобасының мән-мағынасын түсіндіре отыра, тоқсаныншы жылдардағы күрделі қылмыстық жағдайды жақсарту үшін қандай шешімдер қабылданғанын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Архивное фото мужчины на скамье подсудимых - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор: халықтың жанына бататыны - тергеу мен сот үкімі

"Тергеу органдары бір қылмысты тез ашамыз деп артық кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан бұл заңның басты міндеті осындай заңсыздыққа тосқауыл болу, адамның құқығы және қылмыспен күрес арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұру. Әрине, ол баланс ішкі ахуалға байланысты. Ахуалға қарап әр мемлекет дер кезінде қылмыстық заңдарға өзгерістер енгізіп тұрады. Мысалы, АҚШ-та терроризм көбейген кезде "Патриотизм актісі" деген арнайы заң қабылдады. Ол арқылы құқық қорғау органдарын күшейтті, ФБР, ЦРУ-ға біраз өкілеттік берді. Тап солай мына Еуропа елдерінде, жағдай қиын болып бара жатса, тиісті шараларды қолға алады. Біз де солай жасадық", — деді Жақып Асанов мәжілістің жалпы отырысында. 

Бас прокурор тоқсаныншы жылдардағы күрделі ахуалды жақсарту үшін ел билігі қабылдаған шешімдерге тоқталды. Айтуынша, осы жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта жағдай өзгерді. 

"Тоқсаныншы жылдары қылмыс деген өршіп тұрды. Сонда біз не істедік? Құқық қорғау органдарын күшейттік. Елбасы қылмыспен күресті өз қолына алды, өзі басқарды. Оның бәрін егжей-тегжей айтпай-ақ қояйын. Бірақ соның нәтижесінде 1996 жылдан бастап адамға қарсы жасалатын қылмыстар, ауа ауыр қылмыстар жыл сайын азайып келеді. Мысалы, қазіргі жағдайды тоқсаныншы жылдарды айтпағанда, кеңес одағындағы ең керемет кезең деп есептелетін сексеніші жылдармен салыстырсақ, адам өлтіру екі есе азайды. Тоқсаныншы жылдары біздің колонияларда 105 мың адам отырса, бүгін үш есе аз – 35 мың. Біз сол жылдары әлемде үшінші орында болдық. Ал қазір жетпісінші орындамыз. Осындай жақсы өзгерістер болып жатыр", — деді Асанов. 

Бірақ, бас прокурордың пайымынша, бізде оң өзгерістерге сенбейтіндер аз емес.

Генеральный прокурор Казахстана Жакип Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор: Кейбір қызметкерлеріміз азаматтарды қинап, ұрып-соғып, арын аяққа басады

"Неге сенбейміз? Бұрын тыныш болған сияқты, қазір қылмыс өршіп тұрғандай. Өйткені қазір бәрі ашық, бұрын жабық болатын. Халық көп нәрсені білмейтін. Қазір бір қылмыс болса, интернетте тез тарап, бүкіл ел болып талқылаймыз. Екінші жағынан, статистика баяғыдай өтірік емес. Өйткені бұрын ауыр, аса ауыр қылмысты жасырса, ол үшін әрі кетсе сөгіс беретін. Бүгін ол үшін соттайды, талай әріптестеріміз сотталды", — деген Асанов қазақстандықтардың өмірі, әсіресе қауіпсіздік жағынан жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0