Қоғам

Бас прокурор: халықтың жанына бататыны - тергеу мен сот үкімі

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото мужчины на скамье подсудимых
Архивное фото мужчины на скамье подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Шегі жоқ жалпы қадағалаумен айналысамыз деп, күш те, уақыт та тап осы тергеуге жетпей жатыр"

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Прокуратура органдары енді бизнес пен мемлекеттік органдарды тексермейді. Олар негізгі күшті қылмыстық процеске жұмсайтын болады. Бұл туралы Жақып Асанов Мәжілісте "Прокуратура туралы" заң жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз керек емес тексеруден құтыламыз. Жемқорлыққа жол ашатын бизнесті тексеруді қояды прокурорлар. Олардың мұндай құқығы да болмайды. Мемлекеттік органдарды, айналып келіп әкімдікті, әкімдіктің жанындағы бөлімдерді тексере береді. Одан да құтылады. Есеп те болмайды", — деді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, прокуратура органдары ендігі уақытта халық көп шағымданатын қылмыстық процесс мәселелерін реттеуді басты мақсат етпек.

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жақып Асанов: прокурорлардың араласпайтын ісі, тұмсық тықпайтын жері қалмады

"Халықтың жанына бататыны, ең көп шағымданатыны — тергеу мен соттың үкімдері. Бұл жұмысты бүгінде біз шетке қалдырдық. Шегі жоқ жалпы қадағалаумен айналысамыз деп, күш те, уақыт та тап осы тергеуге жетпей жатыр. Сондықтан жақында Елбасының тапсырмасымен арнайы топ құрылды. Мақсат – қылмыстық-процессуалдық кодекске жаңа көзқараспен қарау. Өйткені, сұрақ көп. Қылмыстық процеске іліккен адамдардың құқықтары жеткілікті қорғалған ба? Тергеу органдарына көп билік беріп қойған жоқпыз ба? Адвокаттар, басқа да процеске қатысушылардың қорғануына мүмкіндік жеткілікті ме? Прокуратура қылмыстық процестегі заңсыздыққа неге тиімді тосқауыл бола алмай тұр?", — деді Бас прокурор.

Бұдан бөлек, бүкіл әлем сандық технологияларға көшіп жатқанда, бізде қылмыстық істер осы күнге дейін қағаз түрінде жүргізіліп отыр.

"Кеше ғана құқық қорғау органдарының бірінші басшылары Германия мен Эстонияға барып келдік. Өз көзімізбен қалай жұмыс істейтіндерін көрдік. Олардың прокуратурасы сияқты біз де негізгі күшімізді қылмыстық процеске саламыз. Өйткені, қайталап айтамын, халқымыздың жанына ең батып жүргені, ең көп шағымданатыны — сотқа дейінгі тергеу. Жалпы, бұл үлкен тақырып, ол бойынша алдарыңызға әлі келеміз", — деді Асанов депутаттарға.

Жаңалықтар
0