Қоғам

Бас прокуратура банкир Тәтішевтің өлімі бойынша қылмыстық істі қайта қозғады

© Sputnik / Табылды Кадырбековқылмыстық іс
қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратура банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты Мұратхан Тоқмәдидің мәлімдесі бойынша түсінік берді

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Бас прокуратура Ержан Татішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

түрме, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ішкі істер министрлігі Мұратхан Тоқмадидің мәлімдемесін тексереді

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, 2007 жылғы 3 қыркүйекте Тараз қалалық сотының үкімімен Мұратхан Тоқмәди ҚР ҚК 101-бабының 1-бөлігі бойынша (1999 жылғы редакцияда) 2004 жылы аң аулау кезінде Ержан Тәтішевтің өліміне абайсызда себеп болған әрекеті үшін 1 жылға сотталды. Бірақ қылмыстық жазадан рақымшылық актісі негізінде босатылған.

"Өз кезегінде жинақталған дәлелдемелердің жиынтығы негізінде (куәлардың, күдікті Мұратхан Тоқмәдидің жауаптары, сараптама қорытындысы және т.б.) шын мәнінде Ержан Тәтішевтің өлімі абайсызда қарудың атылуынан емес, қасақана әрекеттің салдарынан орын алғаны дәлелденді. Осыған орай ағымдағы жылғы 25 қазанда ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 502, 503-баптары незінде процессуалдық прокурор Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкімді жоюға негіз бар деген қорытынды мен қылмыстық істі жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қозғау туралы өтінішхатты Жамбыл облыстық сотына жолдады", — делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, КТК арнасында шыққан фильмде Мұратхан Тоқмади мәлімдеме жасап, "Тұран Әлем банкі" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындайды. Ол Тәтішевті қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен өлтіргенін, ал 2004 жылы өзінің досын өлтіргені үшін кінәсіз деп танылу үшін тергеуді сатып алғанын айтады. 

Мұратхан Тоқмади - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұратхан Тоқмади банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

"КазСтройСтекло" зауытының басшысы 51 жастағы Мұратхан Тоқмади 12 маусым Алматыда арнайы операция кезінде "ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалады" деген күдікпен ұсталды. Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади 2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" мен "КазСтройСтекло" компанияларының құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген. 

Сондай-ақ оған қылмыстық кодекстің 87-бабының 4-тармағы, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша айып тағылды.

Мұратхан Тоқмади тергеумен кінәсін мойындау туралы келісімге келген. Сот шешімімен кәсіпкер үш жылға сотталды.


Жаңалықтар
0