Қоғам

Ішкі істер министрлігі Мұратхан Тоқмадидің мәлімдемесін тексереді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутүрме, архив
түрме, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұратхан Тоқмади банкирді өлтіргенін мойындады

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Ішкі істер министрлігі сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадидің "Тұран Әлем банкі" АҚ төрағасын өлтірдім деген мәлімдемесін тексереді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев. 

КТК арнасында шыққан фильмде Мұратхан Тоқмади "Тұран Әлем банкі" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындайды. Ол Тәтішевті қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен өлтіргенін, ал 2004 жылы өзінің досын өлтіргені үшін кінәсіз деп танылу үшін тергеуді сатып алғанын айтады. 

Мұратхан Тоқмади - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұратхан Тоқмади банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

"БАҚ-та 24 қазанда шыққан Мұхтар Тоқмадидің мәлімдемесі бойынша ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ете отырып, тиісті тексеріс жүргізеді", — деп хабарлады Садубаев. 

Еске сала кетсек, "КазСтройСтекло" зауытының басшысы 51 жастағы Мұратхан Тоқмади 12 маусым Алматыда арнайы операция кезінде "ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалады" деген күдікпен ұсталды. Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади 2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" мен "КазСтройСтекло" компанияларының құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген. 

Сондай-ақ оған қылмыстық кодекстің 87-бабының 4-тармағы, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша айып тағылды.

Мұратхан Тоқмади тергеумен кінәсін мойындау туралы келісімге келген. Сот шешімімен кәсіпкер үш жылға сотталды.


Жаңалықтар
0