Қоғам

Мұратхан Тоқмади банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

Жазылу
Мұратхан Тоқмади туралы фильмнің екінші бөлімі шықты: бизнесмен "Банк Тұран Әлем" АҚ бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті аңшылық кезінде өлтіргенін мойындады

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмади туралы фильмнің екінші бөлімі КТК арнасында шықты. 

Фильмде Мұратхан Тоқмади "Тұран Әлем Банкі" АҚ төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындайды. 

Тәтішевтің 2004 жылы 19 желтоқсанда аң аулау кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза болғаны белгілі.  Сол кездегі тергеу материалдарына сәйкес, артта отырған Мұратхан Тоқмадидің қолындағы қару көлік шұңқырды басып өткен кезде өздігінен атылып кеткен. Оқ Тәтішевтің желкесіне кірген. Бұл іс қарудың абайсызда атылуынан болған жазатайым оқиға ретінде жабылды. 

Енді қазір Тоқмади Ержан Тәтішевті қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен өлтіргенін, ал 2004 жылы өзінің досын өлтіргені үшін кінәсіз деп танылу үшін тергеуді сатып алғанын мойындады. 

"КазСтройСтекло" зауытының басшысы 51 жастағы Мұратхан Тоқмади 12 маусым Алматыда арнайы операция кезінде "ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалады" деген күдікпен ұсталды. Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади 2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" мен "КазСтройСтекло" компанияларының құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген. 

Сондай-ақ оған қылмыстық кодекстің 87-бабының 4-тармағы, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша айып тағылды.

Мұратхан Тоқмади тергеумен кінәсін мойындау туралы келісімге келген. Сот шешімімен кәсіпкер үш жылға сотталды.


Жаңалықтар
0