Саясат

ҚР СІМ Астананың $100 миллионды Бішкекке неге ертерек бөлмегенін түсіндірді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанның сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанға қаржы неге ертерек бөлінбегенін айтты

АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қырғызстан екі ел арасындағы келісімнің күшін жою рәсімдерінің басталғанын Қазақстанға ресми хабарлады. 

Жогорку Кенеш ғимараты, архив - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жоюды бастап кетті

"23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күштерін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде Қазақстан тарапына ресми хабарлады", — деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігі.

Министрлік атап өткендей, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шеңберінде Қазақстан тарапы қырғыз үкіметіне өздері алған міндеттемелерді орындауға қажетті техникалық жәрдемді көрсетуге үнемі дайын болды. Қол қойылған құжаттар уақытылы ратификациядан өтті және бұл жәрдемнің бірінші траншын биыл қараша айында жіберу жоспарланған болатын. 

"Аталған қаражатты бұдан ерте мерзімде бөлуге болар еді, алайда қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі созылып кеткенін атап өткен жөн", — делінген хабарламада. 

Қазақстан мен Қырғызстанның тулары, архив - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әшімбаев: Қырғызстанның 100 миллион доллар көмектен бас тартуға құқығы бар

Айта кетсек, Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Енді келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат жалпы Жогорку Кенештің жалпы отырысына шығарылады

Қазақстан биыл шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанның Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды. 


Жаңалықтар
0