АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстанға көрші елдің вице-премьері Дүйшенбек Зилалиев.
Оның сөзінше, Бішкек бұл көмекті он жыл күтті.
"Біз бұл қаражатқа ветеринарлық зертхана салуды жоспарлаған едік. Бірақ қаржы күтпей, бюджеттік қаражат есебінен 18 зертхана салдық. Өзге зертханаларға басқа қаржы көздерінен іздеп жатырмыз", — деді Зилалиев.
Енді келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат Жогорку Кенештің жалпы отырысына шығарылады.
Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды.