Саясат

Атамбаев Қазақстан беріп отырған 100 миллион туралы: бізге ондай көмек керек емес

© Photo : пресс-служба правительства КРқазақ-қырғыз шекарасындағы көліктер
қазақ-қырғыз шекарасындағы көліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан президенті Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан бөліп отырған қомақты қаражатқа қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев оның еліне Қазақстанның қаржылай көмегі "керек емес" деп мәлім етті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Айта кетсек, Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан қырғыз еліне шекарадағы инфрақұрылымды модернизациялауға қомақты қаражат бөліп отыр. 

"Біз көмек туралы келісімге 2007 жылы мен премьер-министр болған кезде қол қойған едік. 2014 жылы мен Нұрсұлтан Әбішұлына көмекті қондырғылар түрінде көрсетуді айтқан болатынмын. Ол көмек бізге әлі жеткен жоқ, енді сол үшін бізді жазғырмақ болады. Бізге ондай көмек керек емес, оны біз үш жыл күттік", — дейді Атамбаев. 

Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Атамбаев шекарадағы жағдайға қатысты ЕАЭО отырысын өткізуге бастама көтермек

Сондай-ақ Атамбаев Қазақстанның Қырғызстан үшін бауырлас ел болып қалатынын атап өтті. 

Қазақстан Қығызстанға 100 миллион долларды республикалардың үкіметтері арасында жасалған еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісім аясында бөліп отыр. Құжатқа 2016 жылы желтоқсанда қол қойылды. 

Қырғызстанға материалдық көмек беруді қарастыратын бұл құжатты Қазақстан парламенті 2017 жылы жазда қабылдады. Ал 22 тамызда Қазақстанның қаржы вице-министрі Қанат Баеділов пен Қырғызстанның экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов техникалық жәрдем іс-шараларының тізімін бекітті. 


Жаңалықтар
0