Саясат

Әшімбаев: Қырғызстанның 100 миллион доллар көмектен бас тартуға құқығы бар

© Sputnik / Табылды КадырбековҚазақстан мен Қырғызстанның тулары, архив
Қазақстан мен Қырғызстанның тулары, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаты Қазақстанның көмегінен бас тарту туралы Қырғызстан билігінің шешіміне қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Астана бөліп отырған 100 миллион доллар  көмектен бас тарту шешімін қарастыруға Қырғызстанның құқығы бар, дейді парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев. 

Жогорку Кенеш ғимараты, архив - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жоюды бастап кетті

Айта кетсек, Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Енді келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат жалпы Жогорку Кенештің жалпы.отырысына шығарылады. 

"Халықаралық тәжірибе аясында, әрине, кейбір жағдайларда келісімнің күшін бір тараптан жоюға болады. Бірақ, жалпы алғанда, деносация – тараптардың өзара келісімі арқылы жүзеге асырылатын процесс", — деді Әшімбаев БАҚ өкілдеріне. 

Депутат Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапынан ресми ақпарат алмағанын айтып өтті. 

"Егер Қырғызстан ондай шешім  шығарып жатса – бұл олардың құқығы. Әрине, олар елі үшін не жақсы екенін, көмек керек пе, керек емес пе – өздері шешеді", — деп түйді сөзін Әшімбаев. 

Қазақстан биыл шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанның Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды. 


Жаңалықтар
0