Экономика

Сағынтаев: жаһандық сындардан соң экономика өсімін қалпына келтіре бастадық

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭЫДҰ 2017 Еуразия апталығы еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысушы елдердің бірінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Жаһандық сындар мен сыртқы әсерлерден соң экономика өсімін қалпына келтіре бастадық. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы – 2017" форумының ашылуында сөйлеген сөзінде айтты. 

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев баспана кезегі үлкен өңірлерде үйлер аз салынып жатқанын айтты

"ЭЫДҰ 2017 Еуразия апталығы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысушы елдердің бірінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Мен үшін Еуразия елдерінің 13 үкімет мүшесін, ЭЫДҰ-ға мүше елдердің елшілерін, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және іскерлік қауымның көрнекті өкілдерін қарсы алу — үлкен құрмет. Қазақстан үкіметі бұл қадамды Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты екіжақты нығайтуға талпынудың көрінісі ретінде қарастырады", — деді Бақытжан Сағынтаев. 

Премьер-министр 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жалпыұлттық міндетін шешуді мақсат еткен  Қазақстан үшін ЭЫДҰ-ның қол жеткізген деңгейі мен стандарттары экономикалық даму ісінде мүлтіксіз бағдар болып табылатынын атап  өтті. Оның айтуынша, посткеңестік кеңістікті алғашқылардың бірі болып еркін нарық экономикасын құрған Қазақстанның даму қарқыны өте жоғары.

"Бүгінде біз экономика көлемі мен халықтың жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша топ-50 елдің қатарына кіреміз. Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінде біз 35-ші орынды иелендік. ДСҰ-ның 162 мүшесі болған соң біздің еліміз сауда-саттық жүргізудің халықаралық ережелерін ұстанады. Бұл орайда, Қазақстанның ЭЫДҰ елдерімен сауда-саттығы еліміздің жалпы тауар айналымының жартысына жуығын құрайды", —  деген үкімет басшысы Қазақстанның Еуразиялық кеңістікте экономика мен сауда-саттықты дамыту үшін интеграциялық үрдістерді қолдайтынын жеткізді. 

Сағынтаев бүгінгі таңда Еуразия елдерінің әлемнің ЖІӨ-дегі үлесі 500 млрд АҚШ долларына жуықтайтынына, ал бұл нарық 180 млн-ға жуық халықты қамтитынына ерекше тоқталды. 

Мұнай - Sputnik Қазақстан
Экономика
Биылғы жылдың 6 айында Қазақстан экономикасында өсім бар

"Бұл Қазақстан өңірдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту арқылы күшейтуге ұмтылып отырған ЕАЭО пен ЭЫДҰ елдерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен әлеует болып табылады. Біздің еліміз «Бір белдеу — бір жол» халықаралық мегажобасының дамуын қолдайды және Жаңа Жібек жолымен толыққанды интеграцияға әзір. Біз Орталық Азия аймағында жүк тасымалының негізгі бағыты бола алатын Батыс Еуропа-Батыс Қытай Трансқұрлықтық халықаралық автожолдың қазақстандық бөлігін толық аяқтадық. Біз Қазақстан, Түркіменстан мен Иранның арасын жалғайтын теміржол мен Таяу Шығыс нарықтарына шығу үшін тағы бір транзиттік дәліз салдық. Мұның бәрі – аймақ елдері мен ЭЫДҰ экономикалық өзара ықпалдастығының жаңа мүмкіндіктері", — деді Сағынтаев. 

Ол Қазақстанда, бүкіл жаһандағы тәрізді даму парадигмаларының ауысу сәті туғанын атап өтіп, бүгінгі таңда үшінші жаңғырту бойынша негізгі шешімдер қабылданғанын сөз етті. 

"Үкімет 2025 стартегиялық жоспарын – алдағы он жыл ішінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірледі. Мемлекеттік саясаттың негізіне технологиялық жаңғырту, адами капитал сапасын күшейту, инновацияларды дамыту алынды", — деді ол. 

"Алғашқы нәтижелері де бар. 2014-2016 жылдардағы жаһандық сындар мен сыртқы әсерлерден соң біз экономика өсімін қалпына келтіре бастадық. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша еліміздің ЖІӨ 3,5% дейін көтерілді. Бұл орайда, жаңа әлемде елдік бәсекеге қабілеттілік дәрежесі адами капитал сапасына, жаңа технологиялардың даму қарқынына, инвестициялық белсенділікке тікелей байланысты болады. Осы тұста біз үшін ЭЫДҰ мен Ұйымның барлық қатысушы елдерімен ынтымақтастық аса маңызды", — деген Сағынтаев осы мақсатта үкіметтің  биыл ЭЫДҰ-ның ұсыныстарын іске асыру бойынша ұлттық жол картасын бекіткенін айтты. 

ЭЫДҰ — демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаларына сәйкес өзара әрекет етуші, бәсекеге аса қабілетті елдердің халықаралық экономикалық бірлестігі. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыруы аясында Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша алынған ЭЫДҰ-ның ұсыныстары мен үздік тәжірибелерін енгізу үшін ұлттық жол картасының жобасы әзірленіп бекітілді. 
Жаңалықтар
0