АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Биылғы жылы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 4,2%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
"Мұнай бағасының маусым айында барреліне 46,9 долларға дейін құлдырауына қарамастан өзінің тұрақтылығын сақтайды. Биылғы жылғы алты айдың қорытындысы бойынша ол барреліне 52,2 доллар деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе жоғары. Барлық негізгі металдарға бағаның өсуі байқалады", — деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, биылғы жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 4,2%-ға өсті.
"Экономиканың өсімінің негізін өнеркәсіп (7,8%), құрылыс (5,9%), ауыл шаруашылығы (3,1%), көлік және қоймалау (3,9%), сауда (2,4%) салалары құрады", — деп атап өтті ол.