Саясат

Атамбаев: Қазақстан біздегі президенттікке өз үміткерін таңуға тырысып отыр

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуҚырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алмазбек Атамбаев қазақстандық билікті Қырғызстанның ішкі ісіне араласуына қатысты айыптады

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін алдағы болатын сайлауға ықпал етуіне қатысты айыптап, тиісті шаралар қабылдау ескерту жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Сенбі күні Қырғызстанның мемлекеттік марапаттарын табыстау салтанатында Алмазбек Атамбаев, Қазақстанның ықпалына қарамастан елде әділетті сайлау өткізуді көздейтінін мәлімдеді.

Омурбек Бабанов пен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті

"Мен қазақстандық биліктің өз үміткерін неліктен таңып отырғанын түсінемін. Олар Бакиевті жақсы көреді (Қырғызстанның бұрынғы президенті). Бакиевтар әлі күнге дейін Қазақстанда мерекелер өткізеді", — дедіАлмазбек Атамбаев.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен өткізген кездесуінен кейін, Қырғызстан СІМ қазақстандық Сыртқы істер министрлігіне қарсылық нотасын жолдаған болатын.  Қырғыз билігі бұл кездесудің астарын елдерінде болатын сайлауға және Қырғызстанның ішкі істеріне араласу деп есептеді.

Қырғызстан - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бішкек Қазақстанға наразылық нотасын жіберді

Еске сала кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Конституцияға сәйкес Атамбаев қайта сайлауға түсе алмайды. 

 

Жаңалықтар
0