Саясат

Бішкек Қазақстанға наразылық нотасын жіберді

© Sputnik / Табылды КадырбековҚырғызстан
Қырғызстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан Қазақстан президентінің Омурбек Бабановпен кездесуін алдағы сайлау нәтижесіне ықпал етуге тырысу деп бағалады

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті болуға үміткер Омурбек Бабановпен кездескеннен соң Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады.

Омурбек Бабанов пен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, наразылық нотасы ҚР-ның Қырғызстандағы уақытша сенімді өкілі Рымтай Кәріпжановқа ұсынылған.

Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткермен кездесуі туралы бұдан бұрын Ақорда сайтында жарияланған. Қырғызстан СІМ бұл кездесуді мемлекеттік ішкі істеріне араласумен тең деп санайды.

"Министрлік Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қырғыз Республикасы президенттігіне үміткерлердің бірімен кездесіп, алдағы сайлауда бұл үміткерге қолдау көрсеткеніне  наразылығын білдіреді. Ынтымақтас Қазақстанның мемлекет басшысы Қырғызстанның ішкі мәселелеріне араласпайтынын мәлімдегенімен, оның сөздері қазақстандық тараптың Қырғыз Республикасының болашақ президентіне қатысты артықшылықтарын анық көрсетеді", — делінген наразылық нотасында.

Қырғызстанда президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Жаңалықтар
0