Саясат

Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаОмурбек Бабанов пен Нұрсұлтан Назарбаев
Омурбек Бабанов пен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстанның қазіргі басшысының өкілетті мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер ӨмірбекБабановпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Назарбаев екі жақты қатынастың одан әрі кеңейіп, бауырластық қарым-қатынасты нығайту қажеттілігін атап өтті. 

"Қазір Қырғызстан ел президенті сайлауының алдында тұр. Бұл мемлекет өміріндегі ең маңызды кезең. Қырғызстанның тәуелсіздік алған кезінен бері мен сіздердің барлық президенттеріңізбен жемісті еңбек етуге тырыстым. Алдағы уақытта біз қырғыз халқының сенімін арқалаған жаңадан сайланған президентпен де тиімді қатынас орнатамыз", — деді Назарбаев.

Президент ең алдымен екі ел халқының бірлігі мен достығына назар аударды. 

"Біз бөліп қарайтын ештеңе жоқ. Бауырлас қырғыз халқын біз үнемі қолдаймыз, қазіргі уақытта көмек қолын да ұсынамыз. Бұл көлік-қатынас саласындағы серіктестік пен ЕАЭО аясындағы өзара әрекеттестікке қатысты болып отыр", — деп атап өтті Президент. 

Өз кезегінде, Өмірбек Бабанов қырғыз халқының Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік ұстанымын жоғары бағалап, әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті. 

Қырғызстанның қазіргі Президенті Алмазбек Атамбаевтың өкілетті мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. Конституцияға сәйкес ол екінші рет президенттік сайлауға түсе алмайды. 

Кезекті президенттік сайлау 15 қазанда өткізіледі.

 

 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0