АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Владимир облысында жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысуынан кейін тірі қалған шетелдіктер, Ресейден шығарылуы мүмкін.
"Ресей ІІМБ Петушинский ауданының Миграция мәселесі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері РФ заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты хаттама толтырылды", — деп хабарлайды РФ ІІМ аймақтық басқармасының сайты.
Кінәлары дәлелденген болса, 17 заңсыз мигрант екі мыңнан бес мың рубльге дейінгі аралықта айыппұл төлеп, Ресей территориясынан шығарылуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан жолаушылар автобусы 6 қазан күні түнде Владимир облысында пойызбен соқтығысты. Жүргізуші теміржолды рұқсат етілмеген белгіге қарамастан қиып өтпек болған кезде, автобус жол үстінде сөніп қалады. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 17 адамға көбейді.
Автобустың жолаушылары Өзбекстан азаматтары және екі жүргізушісі қазақстандықтар болған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта РИА Новости мәліметі бойынша жол апатынан тірі қалғандар уақытша орналасу пунктінен жергілікті қонақ үйге ауыстырылды.