Әлем

Оңтүстік Қазақстаннан шыққан автобус Ресейге тапсырыспен бара жатқан

© Photo : МЧС РФ / Медиабанкке өтуВладимир облысында автобус пен пойыз соқтығысты
Владимир облысында автобус пен пойыз соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус 27 жыл бұрын шығарылған, 54 жолаушы орны бар

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысынан шығып, Владимир облысында пойызбен соқтығысқан автобус Ресейге тапсырыспен бара жатқан, деп хабарлайды Инвестиция және даму министрлігің баспасөз қызметі. 

 Мекеме көлік құралының сипаттамасын берді: Mercedes маркалы ақ түсті автобус 1990 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі  668UОA13, 54 жолаушы орны бар. 
Автобустың иесі — Оразгелдиев Досжан Байдуалыұлы, 1986 жылы туған. ОҚО Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылының тұрғыны. 
Жүргізушілер — Шілдебаев Данияр, 1970 жылы туған, және Сарманов Нұрғали, 1977 жылы туған.
"Автобус "Жайсан" шекаралық өткелінен 2017 жылдың 29 қыркүйек күні өткен. сентября 2017 года. Тұрақты емес рейстар жасайды. Бұл рейсті тапсырыспен жасаған", — деп хабарлайды министрлік.
Владимир облысындағы автобус пен пойыздың соқтығысуы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстан консулдығының өкілдері Покровқа қарай жолға шықты
Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстаннан шыққан автобус Өзбекстан азаматтарын Ресейге апара жатқан. 6 қазан жұма күні түнде Владимир облысында автобус жол кептілісін айналып өтпек болып, теміржолдың қызыл белгісіне шығып кетеді де, жол үстінде сөніп қалады.
Автобустың ішінде 50 адам, олардың арасында балалар да болған. Жүргізуші өздеріне қарай қозғалып келе жатқан пойызды көрген кезде, айғайлап жібереді. 34 жолаушы сыртқы шығып, автобусты итере бастайды, алайда пойыз тоқтап үлгермейді. Соққыдан автобус жарылып кетеді. Соңғы мәліметтер бойынша, автобус ішіндегі 16 адам, оның ішінде бір бала қайтыс болған. Сыртқы жүгіріп шыққандар аман қалған.
Автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары. Олардың бірі — Данияр Шілдебаев, 1970 жылы туған, оқиға орнында қайтыс болды. Оның көмекшісі екінші жүргізуші Нұрғали Сарманов, 1977 жылы туған, қазіргі уақытта Покров қаласындағы уақытша орналасу пунктінде.  

Жаңалықтар
0