АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Мәскеудегі Қазақстан консульдығының қызметкерлері автобус пен пойыздың соқтығысқан орны Владимир облысына жолға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Оқиға орнына бару үшін біздің консулдықтың өкілдері жолға шықты. Автобустың жүргізушілері Қазақстан азаматтары екені белгілі болды. Олардың бірі оқиға орнында қаза тауып, екіншісі ауруханада жатыр", — деп хабарлады Мәскеудегі елшіліктің өкілі Жанар Колбачаева.
Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстаннан шыққан автобус Өзбекстан азаматтарын Ресейге апара жатқан. 6 қазан жұма күні түнде Владимир облысында автобус жол кептілісін айналып өтпек болып, теміржолдың қызыл белгісіне шығып кетеді де, жол үстінде сөніп қалады.
Автобустың ішінде 50 адам, олардың арасында балалар да болған. Жүргізуші өздеріне қарай қозғалып келе жатқан пойызды көрген кезде, айғайлап жібереді. 34 жолаушы сыртқы шығып, автобусты итере бастайды, алайда пойыз тоқтап үлгермейді. Соққыдан автобус жарылып кетеді. Соңғы мәліметтер бойынша, автобус ішіндегі 16 адам, оның ішінде бір бала қайтыс болған. Сыртқы жүгіріп шыққандар аман қалған.
Автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары. Олардың бірі — Данияр Шілдебаев, 1970 жылы туған, оқиға орнында қайтыс болды. Оның көмекшісі екінші жүргізуші Нұрғали Сарманов, 1977 жылы туған, қазіргі уақытта Покров қаласындағы уақытша орналасу пунктінде.