Видео

Ресейде автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды

Жазылу
Владимир облысында автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті

Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автобус Өзбекстан азаматтарын тасымалдаған. 6 қазанға қараған түні Владимир облысында трассадағы кептелісті айналып өтіп, темір жол өткелінде қызыл түске жүрген автобус тоқтап қалады. Автобус ішіндегі 50-ден астам адамның ішінде балалар да болған. Жүргізуші келе жатқан пойызды көріп, айқайлап жібереді. 34 жолаушы атып шығып, автобусты итере бастайды. Бірақ пойыз тоқтап үлгермейді. 

Соңғы мәліметтер бойынша автобус ішінде болған 18 адам қаза тапты. Жүгіріп шыққандар аман қалды.


Жаңалықтар
0