АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Алматы облысында АН-28 ұшағы құлаған аумағында "қара жәшіктер" табылды, оның мағынасын ашу жұмыстарын Мемлекетаралық авиациялық комитет жасайды, деп хабарлады ҚР Қаржы және даму министрлігінің арнайы комиссиясының басшысы Роман Скляр брифинг кезінде.
"Оқиға орнында объективті ақпарат құралдары табылды. Олар Мәскеу қаласындағы Мемлекетаралық авиациялық комитетке жөнелтіледі", — деп мәлімдеді Скляр.
Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы Виктор Аушевтің айтуынша, "қара жәшік" шамалы жанған және оны ел территориясында қалпына келтіру мүмкін емес.
"Экипаж ешқандай ақпарат берген емес, барлығы үндеместен болды", — дейді ол.
Апат жағдайы Алматы әуежайында ІІЖБ сотқа дейінгі тергеудің Біртұтас реестрінде ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлімі бойынша тіркелді.
АН-28 әуе ұшағы Польшада жасалған. Максималды ұшу салмағы — 5 690 килограмм. АН-28 ұшағы (НАТО коды бойынша, Cash, яғни "ұсақ-түйек") — екі қозғалтқышты көлік-жолаушы ұшағы. 17 жолаушыға есептелген, ұшу қашықтығы 2000 шақырымға дейін. АН-28 алғашқы ұшу сапары 1973 жылы 29 қаңтарда болды. Барлығы 200 дана шығарылған. 2012 жылдың 12 қыркүйегіне дейінгі мәліметтерге орай, АН-28 ұқсас ұшақтардың 25 апатқа ұшыраған.