Оқиға

Алматы түбіндегі әуе апатында екі медицина профессоры қаза тапты

CC0 / David Mark / Хирургтер
Хирургтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы маңындағы ұшақ апатынан акушер-гинеколог пен реаниматолог қаза тапты, олар жаңа босанған әйелге жәрдем беруі тиіс болатын

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Алматы түбіндегі санавиация ұшағының апатқа ұшырауы нәтижесінде қаза тапқан дәрігерлер — акушер-гинеколог Талғат Патсаев пен реаниматолог дәрігер Жәнібек А–тықбаев, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ан-28 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы түбіндегі ұшақ апатының бастапқы себебі анықталды

"Ауыр хәлде жатқан, жаңа босанған әйелге жәрдем көрсету үшін 3 қазан күні 18:39-да Алматыдан Шымкентке құрамында екі дәрігер бар санитарлық авиация бригадасы ұшырылды: профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинекологы Патсаев Таоғат Анапиұлы, профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы", — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бортта науқастар болмаған. 

Ұшақпен байланыс жоғалған. Ұшақ Алматы жанынан табылды. Қаза тапқан бес адамның денесі табылған.

"ҚР денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан медицина қызметкерлерінің отбасына көңіл айтып, моральдық және материалдық қолдау көрсетеді", — деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Үшінші қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы  Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.

Жаңалықтар
0