Видео

АН-28 ұшағы құлаған жердегі өрттің орны

Жазылу
Санитарлық авиация ұшағы Алматы қаласынан 28 шақырым жерде құлады. Sputnik Қазақстан тілшілері оқиға орнына барып келді

3 қазан кешке бортында дәрігерлер бар Алматыдан Шымкентке бағыт алған ұшақ Алматыдан 28 шақырым жерде құлады. Оқиға орнында өрт болған. Ұшақта болған бес адам қаза тапты. 

Экипаждың үш мүшесі: әуе кемесінің командирі, екінші ұшқыш, авиатехник, сонымен қатар екі дәрігер: белгілі акушер-гинеколог Талғат Патсаев пен реаниматолог Жәнібек Артықбаев оқиға орнында көз жұмған. Дәрігерлердің екеуі де медицина ғылымдарының профессоры. Олар босанып, Шымукентте ауыр хәлде жатқан әйелге көмек көрсету үшін жолға шыққан еді.



Жаңалықтар
0