Қоғам

Түркияда жол апатына түскен қазақстандықтар елге арнайы бортпен келуден бас тартты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуұшақ
ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық туристер арнайы бортпен елге келуден бас тартуын қалай түсіндірді?

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Түркияда демалыста жол апатына түсіп, зардап шеккен қазақстандықтар елге арнайы бортпен келуден бас тартты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түркияда жол апатына түскен үш қазақстандық елге жеткізіледі

"29 қыркүйекте біз Түркияға ұшақ жібермек болдық. Сол жақта ауруханада жатқан біздің азаматтарды республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына жеткізуді жоспарладық. Санавиация ұшардың алдында қазақстандықтар арнайы бортпен Қазақстанға ұшудан бас тартатынын министрлікке хабарлады", — деді Отарбаев баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, арнайы бортпен үш адам жеткізілмек болды. 

"Арнайы борт пациенттердің жағдайы мен санына байланысты алдын ала дайындалады. Ұшақтың барып-келуі шамамен 21 миллион теңге, ол кепілді тегін медициналық көмек аясында жүзеге асырылады", — деді Отарбаев. 

Қазақстандықтар арнайы ұшақтан бас тартуын төртінші адамның олармен бірге ұшып келуі қарастырылмағанымен түсіндірген. 

"Төртінші пациенттің санитарлық авиациямен алып келуге жатпайтыны негізгі себеп болып отыр", — деді директор. 

Қазақстандықтардың елге арнайы рейспен ұшып келетіні белгілі болды. 

Түркия жедел жәрдемі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СІМ Түркияда жол апатына түскен жеті қазақстандықтың хәлі туралы айтып берді

"Біздің консул зардап шеккен азаматтар мен туыстарынан Денсаулық сақтау министрлігіне жазған ресми хатын алды, олар төртінші орынның болмауына байланысты борттан бас тартатынын жеткізді. Бортта орын қарастырылмаған әйел өздігінен қозғала алмайтын жігіттің зайыбы, бірақ өзі жүріп-тұрады», — дейді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Осыдан кейін, оның айтуынша Антальядағы Қазақстанның консулы біздің азаматтарды елге жеткізуді өз мойнына алған. 

"Зардап шеккен төрт азамат пен олардың үш туысы бүгін Антальядан кәдімгі рейспен Стамбул арқылы Алматыға ұшып келеді, олардың жанында дәрігерлер болады. Әрі қарай олар Алматыда түрлі ауруханаларда емін жалғастырады. Ұшақтың бағасын Кемердегі Қазақстанның құрметті консулы өтейді", — деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Еске сала кетсек, Анталияда демалып жүрген жеті қазақстандық жол апатына түскен болатын. Түркияға өздері барған олардың сақтандыру полистері болмайды. Сондықтан апаттан кейін хирургиялық операцияның төлеміне байланысты қиындықтар туындаған. Дегенмен, қазақстандық дипломат түрік тарапымен келісімге келіп, ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығынын такси жүргізушісінің сақтандыру компаниясы өтейді.


Жаңалықтар
0