Қоғам

Түркияда жол апатына түскен үш қазақстандық елге жеткізіледі

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шегушілердің хәлі мүшкіл, көптеген жарақат алған

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Түркияға үш жатын орны бар санавиация борты жіберілді, олар жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтарды елге жеткізбекші, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Түркия жедел жәрдемі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СІМ Түркияда жол апатына түскен жеті қазақстандықтың хәлі туралы айтып берді

"Мемлекет Антальядағы азаматтарды елге жеткізу үшін барлық амалдарды жасауда. Санавиация ұшағы Анталья уақыты бойынша сағат 12-де жетуі тиіс. Ұшақта үш жатын орын бар. Қазақстанның тарихында алғаш рет үш науқасты бір дегенде елге алып келмекшіміз", — деді Цой Астанадағы баспасөз мәслихатынан соң тілшілер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, үш науқастың хәлі мүшкіл, сол себепті барынша көмек көрсету үшін оларды Астанаға алып келеді.

"Мұның бәрі кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін жасалып жатыр. Жақсы болжамдар бар. Төрт азаматымыз ғана қалды. Олардың үшеуіне санитарлық авиация керек болады, деді түрік әріптестеріміз. Тағы бір қыздың жарақаты ауыр болса да, медициналық қызметкердің көмегінсіз рейстік ұшақпен келе алады", — деді вице-министр.

Жаңалықтар
0