Өңірлер

Педагогтар: Павлодарда бала трамвай астына абайсызда түсіп қалған

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуТрамвай
Трамвай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педагогтардың және зардап шеккен баланың айтуынша, ол пәтер кілтін түсіріп алып, соны алмақшы болғанда трамвайды байқамай қалған

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Павлодарда бала трамвай астына әдейі емес, байқаусызда құлап қалған, деп хабарлайды қалалық Білім бөлімі.

"21 қыркүйек күні Данияр өзінің туыстарына бара жатады. Асығып келе жатқан ол, трамвай жолдарын кесіп өтпекші болады.  Дала қараңғы болған, жүріп бара жатып, пәтердің кілтін түсіріп алады. Кілтті алуға еңкейген кезде, келе жатқан трамвайды байқамай қалып, жол апатына түсіп қалады. Баланың жанында майысқан пәтер кілті табылған", — деп хабарлады павлодарлық мұғалімдер. 

Трамвай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда бала трамвай астына түсті

Дәл осындай жауап нұсқасын дәрігерлерге ауруханада жатқан бала да айтып берген. Ол үйіне барар жолда ойланып келе жатқан кезде трамвайды байқамай қалғанын айтқан.
Білім бөлімінің берген анықтамасы бойынша, ер бала мектепте тек "4" пен "5" деген бағаға оқиды, спортпен айналысады, кеме жасау үйірмесіне қатысады. Демалыс күндері бассейнге барады. Отбасының жағдайы жақсы. 
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дәрігерлер трамвай астына түскен баланың хәлі туралы айтты
Трамвай басқармасының берген ақпаратына сәйкес, 5-бағыттағы трамвай жүргізушісі Лермонтов аялдамасына 50 метр жақындаған кезде, жол шетінде тұрған ер баланы байқап қалады. Жүргізуші әйел вагонды тоқтатқан кезде, бала жолдың бойынан шегінеді. Бірақ, қозғалысты қайта бастаған кезде, бала секіріп, трамвайдың астына жата қалады. Оқиғаның куәгерлеріне де, баланың өзі вагон астына түскендей көрінген.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тексерулер жүрігізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама белгіленіп, сол бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 



Жаңалықтар
0