Оқиға

Павлодарда бала трамвай астына түсті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТрамвай
Трамвай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың не себепті трамвайдың астына түскені әлі белгісіз

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Шамамен 11-12 жастағы бала Павлодарда трамвайдың астына түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жедел жәрдем автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада автобус пен көліктің соқтығысуы салдарынан бала қайтыс болды

Трамвай басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға бейсенбі күні 19.00-19.30 кезінде болған.Трамвайдың рөлінде әйел адам отырыпты.

Әйелдің сөзіне жүгінсек, жаяу жүргіншілер өтетін жерден 50 метрдей бұрын, жолда тұрған баланы көріп қалады.

"Жүргізуші трамвайды тоқтатып, бала жолдан шығады. Трамвай қайта жүргенде, бала вагоннның астына түскен", — деп хабарлады трамвай басқармасы. 

Бала ауруханаға жатқызылды. Не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз.

Жаңалықтар
0