Оқиға

Астанада автобус пен көліктің соқтығысуы салдарынан бала қайтыс болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем автокөлігі
Жедел жәрдем автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада автобус пен автокөліктің соқтығысуы салдарынан он бір жасар бала қайтыс болып, үш адам зардап шекті

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Астанада Тoyota RAV-4 автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық автобуспен соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шегіп,  автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы аруханада көз жұмды. 

Жол-көлік оқиғасы таңертең сағат 10-дар шамасында Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында орын алды. 

"Тoyota RAV-4 маркалы автокөліктің 47 жасар жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, сол жақтағы Пушкин көшесіне бұрылу кезінде, қарама-қарсы бағытта Кенесары көшесі бойымен келе жатқан қоғамдық көлікпен соқтығысқан. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Павлодарда трамвай соғып кеткен қыз бала ауруханадан шықты
Жол-көлік апатының салдарынан көліктің ішінде болған 11 жасар бала алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды", — деп хабарлап, жүргізушінің жағдайы әлі анықталып жатқанын атап өтті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, дене жарақатын алған автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуіне тиісті тексерулер жасалып, медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

ҚР ҚК 345-бабы (ЖЖЕ бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0