АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Павлодарда қыркүйек айының басында трамвайдың астына түсіп қалған оқушы қыз ауруханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
"Бүгін таңертең қыз бала ауруханадан шықты. Жағдайы қанағаттанарлық. Егер қажет болса, психологтың немесе басқа да мамандардың көмегі көрсетіледі", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау мекемесі қыз балаға уақытылы ұйқы, демалыс қажет екенін айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, жол апаты 7 қыркүйек күні Ломов пен Катаев көшелерінің қиылысында орын алған. Жолдан өтіп бара жатқын оқушы қыздарды трамвай соғып кетіп, екі қыз баланың біреуі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Трамвай жүргізушісі 30 жасар Наталья Пекнич қазіргі уақытта қамауда отыр.