АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Павлодарда трамвай астына түскен баланың хәлі бір қалыпты, деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бұдан бұрын, Павлодарда ер бала әдейі трамвай астына түскен болатын. Оқиға бейсенбі 21 қыркүйекте сағат 19.41-де Лермонтов көшесімен қиылысқа жақын жерде болған.
"2005 жылы туған бала кеше кешкісін Павлодар облыстық ауруханасының травмотологиялық бөліміне "көгерген жарақаттар, жабық бас-сүйек ми жарақаты, құлақ сырты мен тізе буынының жарақатымен " түсті. Таңертеңгі жағдайы бір қалыпты", — деді баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Павлодар облысы ішкі істер департаменті хабарлағандай, жол апаты оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соның нәтижесі бойынша процестік келісім жасалады. Оқушының не себепті бұл қадамға барғаны әлі белгісіз.