Оқиға

Ұландықтар бес адамды өрттен құтқарды

© Photo : Национальная гвардия Республики КазахстанҰлттық Ұлан
Ұлттық Ұлан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Астана қаласының Алматы ауданында болған

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Ұлттық ұлан жедел құрамасының әскери жасағы бес адамды өрттен құтқарды, деп хабарлады Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Ұлттық ұлан әскерилері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық ұлан сарбаздары 14 жасар қызды аман алып қалды

Оқиға 21 қыркүйек күні кешкі 19.30 шамасында Астана қаласының Алматы ауданында болған. Ұлттық ұлан жедел құрамасының әскери жасағы қоғамдық қауіпсіздікті күзетіп жүріп, Кенесары көшесі 51 үйдің 3-қабатынан қою түтінді байқайды. Өрт жалыны "Сулпак" сауда үйімен байланысқан пәтерлерге қарай ұласып жатыр екен.

Жасақ бастығы А. Қалымтай қасындағы патрульдер Н. Үсенбаев пен Б. Құспановты ертіп, дереу өрт шыққан көпқабатты үйдің кіреберісіне жүгіреді. Жол-жөнекей өрт сөндіру қызметіне, патрульдік топ бастығына және көрші бағытта жүрген әскери жасақтарға хабар береді. Өрт кезінде тұрғындардың өз пәтерлерінен қажетті заттарын алу үшін жанталасатыны белгілі, сол себепті олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында асыға жеткен қосалқы күш көпқабатты үйдің кіреберісін бекітеді.

ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері мүгедек пен үш баланы өрттен құтқарды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері мүгедек пен үш баланы өрттен құтқарды

Үйдің өрт сөндіру сатысымен үшінші қабатқа көтерілген әскерилер шұғыл түрде шатырға жетіп, өрттің негізгі ошағын ауыздықтауға кірісіп кетеді. Осы уақытта серуендеп жүрген пәтер иесі де асығып жеткен болатын. Ұландық сарбаздар ең әуелі пәтердегі пропанды газ баллонды шынжырмен сыртқа шығарып, үй иесінің 4 және 1 жастағы балаларын, көрші пәтердің мектеп жасындағы екі баласын қауіпсіз жерге әкетеді. Өрт бұл уақытта аталмыш балкон арқылы жатын бөлмеге өтіп, терезеден көрші пәтерлердің де асүйлерін шарпып жатады. Алайда, екі әскери жасақ пен кезекші офицерлер шапшаң қимылдап өрт сөндіру қызметі келгенге дейін пәтерлердегі алауды сөндіріп үлгереді. Оларға жоғарғы қабаттағы тұрғындар терезе арқылы шелекпен су беріп көмек көрсеткен. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жете салысымен шатырдағы өртті толығымен ауыздақтайды.

"Жұбайым жылап хабарласқанда, не істерімді білмедім. Мен келгенше жауынгерлер әйелім мен балаларымды да, мүлкімізді де сақтап қалыпты. Бұрын да естіп жатамыз ғой, Ұлттық ұланның жігіттері адамдарға көмектесіпті деп. Бұл жолы өзім куә болып отырмын. Төніп тұрған қауіптен жанымыздың аман қалғаны алдымен Алланың, сосын осы азаматтардың арқасы. Дер кезінде көмекке келген сарбаздарға да, оларды осылай тәрбиелеген командирлеріне де отбасымыздың атынан үлкен алғыс айтамыз", — дейді отағасы Ш. Еркетай.

Қызмет барысында қырағылық пен өжеттік танытқан алғыр азаматтар: әскери жасақ кезекшісі аға лейтенант Жеңіс Құрамысов, патрульдік топ бастығы кіші сержант Бексұлтан Ниязымбетов, әскери жасақ бастығы қатардағы Алмас Қалымтай және патрульдер – Бауыржан Құспанов, Сұраған Серғалиев, Нағашбек Үсенбай, Дәулет Кетеркеев, Ерсұлтан Абдусаматов, Әлкей Құрбанбекті Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы ішкі істер министрінің бұйрығымен марапаттауға ұсынды.

Жаңалықтар
0