Қоғам

ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері мүгедек пен үш баланы өрттен құтқарды

© Photo : Пресс-служба Национальной гвардии РКҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері мүгедек пен үш баланы өрттен құтқарды
ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері мүгедек пен үш баланы өрттен құтқарды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға туралы өртенген үй тұрғындарының алғыс хаты келіп түскеннен кейін белгілі болды

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері көп қабатты үйдің тұрғындарын өрттен құтқарды. Жеңіс көшесіндегі көпқабатты үйдің 75 тұрғынынан командирге алғыс хат келген. 

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 ақпан күні шамамен 21:15-те қоғамдық тәртіпті қадағалайтын әскери жасақ басшысы, қатардағы жауынгер Нұртас Төреқұл көмек сұраған дауыс естіген. Аулаға келген әскерилер жиналған қауым мен қою түтінді көрген. Оқиға туралы олар әскери жасақ бойынша кезекші лейтенант Ержан Маратовқа хабарлады, ол 101 телефонына өрт туралы хабар берді. 

Әскерилер Нұртас Төреқұл, Дархан Әлғазы және Бекзат Қабиев жоғарғы қабаттарға көтерілу туралы шешім қабылдайды. Қою түтін мен қолқаны қабатын иіске қарамастан олар 7 адамды, оның ішінде үш баланы ажалдан арашалап қалды. Жоғарыда аталған арбаздар тұрғындарды эвакуациялап жатқанда, қатардағы жауынгерлер Ербол Смағұлов, Данил Кремер және Жасұлан Шалтабаев үй аумағын қоршады.

Тұрғындардың бірі 412-бөлмеде мүгедек адамның тұратынын айтқанда, әскерилер бөлмені тексермекке бел буды. Шын мәнінде, мүмкіндігі шектеулі жан бөлмесінен табылды. Арбаға таңылғандықтан, өздігінен шыға алмаған. Екі әскери қызметші оны қауіпсіз жерге шығарды. ТЖ қызметкерлері келген соң, әскери жасақ өртті тұтас сөндіргенше қауіпсіздікті қадағалады. Ведомствоның атап өтуінше, тұрғындарды эвакуациялауда көрсеткен табандылығы мен батыл әрекеттері үшін әскери қызметшілер алғыс хаттармен марапатталған. 


Жаңалықтар
0