АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Атышулы Мақсат Үсенов тағы да байқалып қалды – бұл жолы ол есірткімен ұсталды.
Алматыда Алмалы аудандық соты оған қатысты істі ҚР ҚК 296-бабына сәйкес қарастырды. Соттың мәліметі бойынша: 29 тамыз күні кешке компьютерлік клубта полицейлер ішінде "жасыл түсті, өзгеше иісі бар өсімдік тектес зат" бар сіріңке қорабын тауып алып, тәркіледі.
Қорап сотталушы отырған компьютерлік үстелдің үстінде болды. Белгіленген сараптама өсімдік тектес заттың марихуана екенін дәлелдеді.
"Сотталушы У. соттың бастапқы талқылауы кезінде өзінің кінәсын мойындап, марихуанасы бар сіріңке қорабын тауып алып, қалтасына салғанын айтты. Соттың үкімібойынша азамат У. қылмыс жасағаны анықталып… оған 200 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 453 мың 800 теңге болатын айыппұл салынды.
Үсеновтің көпшілікке "танымалдығы" 2013 жылдың желтоқсанында басталды.
Ол кезде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат өзінің мінген BMW Х6 автокөлігімен бірнеше жаяу жүргіншіні соғып кетіп, жол апатын тудырды. Нәтижесінде жас жігіт қаза тауып, бірнеше адам зардап шеккен болатын.