Қоғам

Атышулы Мақсат Үсенов қамауға алынды

© Sputnik / Данияр ДауталиевМақсат Үсенов қамалды
Мақсат Үсенов қамалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үсенов ұшақ бортында тәртіп бұзғанын мойындады

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мақсат Үсенов ұшақ бортында - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мақсат Үсенов Бангкокта ұсталды

Сот отырысы барысында Мақсат Үсенов  ұшақтың ішінде шылым шегіп, ішімдік ішкенін мойындады. Бірақ ол жолаушылар мен стюардессаларды балағаттағанын мойындаған жоқ. Үсеновтың айтуынша, ол өзін нашар сезінгендіктен темекі шеккен. 

Сондай-ақ, оның сөзінше, стюардессалардың бірі оның жеке дүниелерін қопарыпты-мыс, сондықтан оған дауыс көтерген.

Сот Мақсат Үсеновті кінәлі деп тауып, 10 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жазаға тартты. 

Мойнында қарызы бар атышулы Мақсат Үсеновтың шетелге қалай шыққаны белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды

Бұған дейін хабарланғандай, Мақсат Үсенов Таиландта ұшақ бортында ұсталған болатын. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті тайландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады. Осы оқиғадан кейін Үсеновтің 160 мың теңгеден астам салық борышы бар екені белгілі болды. Ал мұндай қарызы бар адамның шетелге шығуға құқығы жоқ. 8 маусымда ол берешегін төледі. 

Еске сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен жүйіткіп келіп, жол жиегінде тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан жас жігіт қайтыс болып, бірнеше адам зардап шекті. Тәртіп сақшылары бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғағанымен, тараптардың бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылды.


Жаңалықтар
0