Оқиға

Мақсат Үсенов Бангкокта ұсталды

© Photo : скриншот видео Павла КоктышеваМақсат Үсенов ұшақ бортында
Мақсат Үсенов ұшақ бортында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Павел Коктышев атышулы Мақсат Үсеновтің Таиландта ұшақ бортында ұсталуының куәгері болды

АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Алматыдағы атышулы ажалды жол апатының себепкері Мақсат Үсенов ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін бұзғаны үшін Air Astana авиакомпаниясы ұшағының бортында ұсталды, деп хабарлайды қоғам қайраткері Павел Коктышев Facebook желісіндегі өзінің парақшасында. 

Жолашы жариялаған бейнежазбада Үсеновтің бортсерігімен ерегісіп отырғаны, содан кейін оны полицияның жетектеп әкетіп бара жатқаны көрініп тұр. 

"Бүгінгі рейспен Бангкокке Мақсат Үсеновпен бірге ұштым. Біздің сотқа сұрағым бар, неге мен сияқты заңға бағынатын азаматты қауіпте қалдырады? Үсенов ұшу барысында тыныш отыра алмады, көршілерін мазақ етті, бастапқыда стюардессалардан шылым шегуге рұқсат беруін жалынып, кейін тіпті 200 бакс ұсынды, сосын ақыры темекі шеккен сияқты, себебі стюардессалар акт толтырып берді. Бірдеңе бүлдірмесін деп экипаждың жартысы оны бақылаумен болды. Өте ыңғайсыз болды. Біраз ұйықтап алғаннан кейін де қууын тоқтатпады, белбеу тағудан бас тартып, арқалығын көтергісі келмеді (оны әкесі физика заңынан да құтқарып қалатындай көрінетін болар). Соңында қонған кезімізде жергілікті полиция жасағы оны алып кетті. Экипаж, жарады!", — деп жазды Коктышев. 

Жаңалықтар
0