Оқиға

Қайта жоғалды: Мақсат Үсенов әкімшілік сотқа келмеді

© Photo : РixabayФемида
Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үсеновті әуе кемесінде ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай жасағаны үшін жауапқа тартылуда

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновқа қатысты іс қаралуға тиіс болатын, алайда атышулы қазақстандық сотқа келмеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мақсат Үсенов қамаудан босап шықты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мақсат Үсенов туған күнінде бостандыққа шықты

Судья Ержан Алдабек істің ұшу қауіпсіздік ережелерін бұзуы үшін ӘҚБтК 564-бабының 5-бөлімі бойынша қаралуы тіс болатын. Алайда, СМС арқылы хабарламаның жіберілуіне қарамастан Үсенов сот отырысына келген жоқ. Сондай-ақ оған көрсетілген "Таугүл" ықшам ауданындағы мекен жай бойынша шақырту бере алмаған, онда Үсенов болмай шықты. 

Оның болмауына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді. 

Бұған дейін хабарланғандай, Мақсат Үсенов Таиландта ұшақ бортында ұсталған болатын. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті тайландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады.  

Мақсат Үсенов қамалды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Атышулы Мақсат Үсенов қамауға алынды

Осы оқиғадан кейін Үсеновтің 160 мың теңгеден астам салық борышы бар екені белгілі болды. Ал мұндай қарызы бар адамның шетелге шығуға құқығы жоқ. 8 маусымда ол берешегін төледі. 

Еске сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен жүйіткіп келіп, жол жиегінде тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан жас жігіт қайтыс болып, бірнеше адам зардап шекті. Тәртіп сақшылары бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғағанымен, тараптардың бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылды.


Жаңалықтар
0